Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылының есебі » ОШ№ 49
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№49 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылының есебі
03
август
2020

Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылының есебі

Мектеп директорының жылдық есебі


Жамбыл облысы, Қордай ауданы №49 Бел негізгі мектебінің директоры А.Б.Маясаровтың  қамқоршылық кеңеспен ата-аналар комитеті алдындағы 2019-2020оқу жылының есебі.

         №49 Бел негізгі мектебінде барлық педагог саны 13.  Оның ішінде педагог-эксперт 3,    педагог –модератор -5, бірінші санатты- 1, екінші санатты -2. Мектеп ұжымындағы ұстаздың барлығы жаңартылған білім беру курсынан өтті және де барлығы сертификатталған. Педагогикалық шеберлікті артыру мақсатында мектеп ұжымымен жиі коучингтер, ашық сабақтар,мектепшілік курстар өткізіліп тұрды.    Мектебімізде  қазақ тілі мен әдебиет пәнінен аудандық семинар өткізіп жақсы деген көрсеткішке жеттік. Семинарды өткізген  қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі  педагог-модератор    Туганбаева Эльмира Смаиловна.Еңбек өтілі 9 жыл.

      Биылғы оқу жылында    мектеп алды даярлық сыныптары мен 9 сынып аралығында  49   оқушы білім алды. Әр сынып бойынша тиісті бақылау жұмыстары мен зертханалық жұмыстар алынып тұрды.  Оқушылардың сабаққа келуі және  кешігіп келуі    күнделікті қадағаланып тұрды.  Биылғы оқу жылында 6 оқушы  9 сыныпты аяқтап түлек атанды.